Біз туралы

Миссиямыз

Мектеп миссиясы:

Адами құндылықтарды бойына сіңірген бәсекеге қабілетті жаһандық тұлға қалыптастыру.

Мектеп қабырғасында оқыған кезде оқушыларымызды төмендегі құндылықтарды қадірлеп, ұстануға шақырамыз:

  • Жауапкершілік
  • Кемелдену
  • Құрмет
  • Мейірімділік
  • Әділеттілік

Оқу бағдарламалар

Мектеп ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (МЖБС) сай бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі орта (5-9 сыныптар) және жалпы орта (10-11 сыныптар) білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

1-6 сыныптарда оқыту толықтай қазақша  жүргізіледі. 

7-11 сыныптарда математика, информатика және жаратылыстану пәндері (биология, физика, химия) ағылшын тілінде оқытылады. Қалған пәндер қазақ тілінде оқытылады.

Мектеп туралы

Мектебіміз «Жеке меншік білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығының» мүшесі болып табылады. Сондай-ақ, мектеп «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорлымен серіктестік жөнінде меморандум жасаған. Осы меморандум негізінде мектеп аталмыш қорлардың ұйымдастыруымен өтетін іс-шараларға қатысып қана қоймай, кадр жетілдіру, әдістемелік қолдау, т.б. сынды жұмыстарды жүргізеді.