Қабылдау

Жалпы ережелер

SDCL мектеп-лицейі оқушыларды қабылдау емтиханы негізінде қабылдайды. Бұл емтиханның мақсаты - баланың мектепке түскен жағдайда, оның қажеттіліктерін мектеп қаншалықты қанағаттандыра алатынын нақты анықтау. 

Мектепке қабылдау кезінде балалардың ұлты, тілі, жынысы немесе діні жөнінен кемсітілулеріне жол берілмейді.

Оқуға қабылдау барысында талапкерлердің денсаулық жағдайы да ескеріледі. Келесі медициналық қарсы көрсетілімдер оқуға қабылдамаудың себебі бола алады:

  • баланың психикалық дамуындағы ауытқушылықтар;

  • жүйке жүйесінің ауытқуымен байланысты аурулар;

  • материалды меңгеруге және жоғары оқу жүктемесін орындауға қиындық туғызатын әртүрлі созылмалы аурулар немесе физикалық кемістіктер;

  • жұқпалы аурулар.

Мектепке қабылдау барысы

Мектепке қабылдау барысы төмендегі кезеңдерден тұрады:

  1. Мектеппен байланысу және ақпарат алу: Үміткерлер немесе олардың ата-аналары/қамқоршылары мектеп жөнінде тиісті ақпаратты алады.

  2. Қабылдау емтиханы: Қабылдау емтиханына тіркелген үміткер мектептің белгілеген түрдегі емтиханын тапсырады.

  3. Қабылдау комиссиясының шешімі: Қабылдау комиссиясы үміткерді мектепке қабылдау немесе қабылдамау жөнінде шешім шығарады. Бұл шешім кейін мүдделі тұлғалардың назарына жеткізіледі.

  4. Келісім шарт жасасу және құжат тапсыру: Қабылданған үміткердің ата-анасы/қамқоршысы мектеппен келісім шартқа отырады, оқу ақысының тиісті сомасын төлеп, қажетті құжаттарды мектепке тапсырады.

  5. Мектепке қабылдау жөнінде бұйрық: Үміткерді мектепке қабылдау жөнінде мектеп директорының бұйрығы шығарылады.


Қабылдау талаптары

Үміткерлердің оқу қажеттіліктерін анықтау мен оларға қатысты тиісті диагностикалық ақпарат жинау үміткерлердің мектебіміздегі бағдарламалардан қаншалықты пайдаланатынын түсінуіне зор ықпал етеді. Сондықтан қабылдау комиссиясы шешім шығару барысында келесі талаптарды ескереді:

  • Сыныптағы бос орындар

  • Үміткердің жасы

  • Үміткердің емтихан нәтижелері

  • Алдыңғы мектептерден келген құжаттар

Бірінші сыныпқа алты жасқа толған балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар бірінші сыныпқа бара алады, себебі күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа толады және мектепке қабылдануға құқығы бар.

Қабылдау коммисиясы

Қабылдау коммисиясы

+7 (707) 1171419 info@sdcl.edu.kz