Оқыту тілі қандай?
Сабақ қазақ тілінде, кейін,7-сыныпта техникалық пәндер ағылшын тілінде өтеді.
Сіз балалардың үй тапсырмасына көмектесесіз бе?
Тәрбиешілер балаларға үй тапсырмасын орындауға көмектесіп, оқу барысында бағыт-бағдар, ұсыныстар береді. Осылайша, студенттер барлық үй тапсырмасын мектепте орындайды және үйде демалады.
Түлектердің қандай жетістіктері бар?
Бірнеше студент IELTS-те 8,5 балл алды, студенттер орта есеппен 6 балдан жоғары жинап, Еуропа мен Американың шетелдік университеттеріне, сондай-ақ Қазақстанның үздік университеттеріне түседі.
Студенттер ағылшын тілінен басқа қандай тілдерді үйренеді?
Түрік тілі, орыс тілі.
Толық оқу ақысына не кіреді?
Мектеп форма, IELTS және SAT дайындық, қосымша сабақтар, үйірмелер.