Мектеп тарихы

Suleyman Demirel Lyceum

«Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжі» мекемесі 2016 жылы «Galaxy» халықаралық мектебінің филиалы ретінде ашылып алғашқы қоңырауын соқты.  2017-2018 оқу жылында   «Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжі» мекемесі ретінде есігін оқушыларына айқара ашты.

Алғаш ашылғанда мектепке 7-11 сыныптар қабылданған болса, 2018-2019 оқу жылынан бастап бастауыш сыныптар ашылып, мектебіміз 1-11 сынып аралығында білім беретін ауқымды білім ордасына айналды.

Бүгінде Алматы қаласындағы жеке меншік мектептер арасында білім жүйесінің дамуына үлес қосар, өз орны бар мектепке айналуда.