Оқу бағдарламасы

Оқу бағдарламасы

«СҮЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛ атындағы» мектеп-лицейі оқу бағдарламасына сәйкес ішінара екі мектепке бөлінеді:

  • Бастауыш (1-6 сыныптар)
  • Лицей (7-11 сыныптар)

Бастауыш бөлімде 1-6 сыныптарда оқыту қазақ тілінде. 7-11 сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі. Оқу үрдісінде орыс тілі, орыс әдебиеті және түрік тілі пәндері қамтылған. Математика пәнін тереңдетіп оқыту мақсатында вариативті компонент есебінен «Белсенді математика», «Қызықты математика», «Параметрлік есептер» қосымша беріледі. Математика 5-7 сыныптар арасында топтарға бөлініп оқытылады.

Бастауыш сыныптарда ұлттық Домбырамыз міндетті пән ретінде оқытылады. Сыни тұрғыдан ойлауды, дұрыс шешім қабылдауды, сенімділікті үйрететін Интеллектум, Шахмат пәндері оқу бағдарламасына енгізілген. Тілдік құзыреттілікті арттыру мақсатында бастауыш сынып оқушылары үшін қазақ тілінен қосымша курстар ұйымдастырылады.

4-6 сыныптарда ағылшын тілін тереңірек меңгеру үшін топтармен оқытылып, жыл соңында Кембридж халықаралық емтихандарын (KET, PET, FCE) тапсырады. 10 сынып оқушылары IELTS емтиханын тапсырып сертификат иеленеді.

Бағалау жүйесі

Оқушының тоқсандық және жылдық бағалары Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітілген критериалды бағалау жүйесі бойынша есептеледі. Критериалды бағалау – жиынтық және формативті бағалауды білдіреді.

Тоқсандық және жылдық бағалар төмендегі бағалау өлшемдері (коэффициенттері) негізінде есептеледі:

  • 85% – 100 % аралығы – «үздік»
  • 65% – 84% аралығы – «жақсы»
  • 45% – 64% аралығы – «қанағаттанарлық»
  • 0% – 44% аралығы - «қанағаттанарлықсыз»

Оқушылардың бағалары Edupage жүйесіне енгізіледі және оқушы мен ата-аналар бағаларды сол жүйеден көре алады.

Формативті (қалыптастырушы) бағалау

Формативті (қалыптастырушы) бағалау. Қалыптастырушы бағалаудың негізгі мақсаты – білім алушылармен тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету үшін әр күнгі оқытудың мониторингін жүргізу, бұл әдіс оқытуды жақсарту үшін (assessment for learning) пайдаланылады. Қалыптастырушы бағалауды білім алушылардың күшті және әлсіз жақтарын анықтап, әлсіз тұстарын дамыту үшін қолданады.

Жиынтық бағалау

Жиынтық бағалау - белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін баллмен есептелетін (бөлім бойынша жиынтық бағалау - БЖБ) және оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша (тоқсандық жиынтық бағалау - ТЖБ) бағаланатын бағалау түрі. Қойылған балл негізінде оқу кезеңі және жылдық бағалар бойынша автоматты түрде есептеледі

Үйірмелер

Мектепте оқушыларымыздың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамыту үшін түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Бұл интеллектуалдық, робототехника, домбыра, шахмат, би, музыка, бейнелеу өнері, каратэ, қолөнер және «Ағылшын тілінде сөйлеу». Үйірмелерді білікті нұсқаушы-жаттықтырушылар жүргізеді.

ЦЕННОСТЬ 1

Би

ЦЕННОСТЬ 2

Вокал

ЦЕННОСТЬ 3

Шахмат

ЦЕННОСТЬ 4

Sand art

ЦЕННОСТЬ 5

Футбол

ЦЕННОСТЬ 6

Түрік тілі

ЦЕННОСТЬ 7

Speaking club

ЦЕННОСТЬ 8

Бокс

ЦЕННОСТЬ 9

Робототехника

ЦЕННОСТЬ 10

Тхэквондо

ЦЕННОСТЬ 11

Кәріс тілі

ЦЕННОСТЬ 12

Фото клубы

ЦЕННОСТЬ 13

Дебат