Оқушыларымыз амандығы

Қосымша оқыту

Жоғары мектепте біз оқушыны жан-жақты оқыту керектігіне сенеміз. Басшылық принциптерімізде айтылған жоғары академиялық жетістікке жету үшін оқушыларымыздың түрлі оқу қажеттіліктерін ескеруіміз керек. Осыны ескере отыра мектепте оқушылардың жан-жақты дамуы мен әр түрлі оқу мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында бірнеше қызмет түрлерін қамтитын қосымша қолдау ұсынылады. Бұл қолдаудың негізінде оқушылардың өз-өзін түсінуін, сенімділіктің артуын және өз бетімен үйренуін қалыптасытру жатыр.

Қөмек түрлері

Қөмек көрсетудің негізгі түрлері:

Мектеп психологы – оқушыларға тиісті іс-шаралар жоспары бойынша жұмыс жасайтын, сонымен қатар ата-аналарға қажетті кеңестер беретін мектеп психологы.

Мұғалімдер мен ата-аналарға арналған кәсіби курстар мен тренингтер.

Әр сыныпта тәрбие жұмысын жүргізетін және сынып жетекшісімен серіктестікте «тәлімгер» қызметін атқаратын кураторлар бар.

Мұғалімдер оқушыларға мектептің негізгі пәндері бойынша оқу бағдарламасын меңгеруге көмектесуге дайын.

Академиялық дарынды балалар үшін олимпиадалар мен жобалық байқауларға дайындық сабақтары өткізіледі