Сабақтан тыс жұмыстары

Сабақтан тыс жұмыстар

Мектебімізде әр оқушыны жан-жақты тәрбиелеуді көздейміз. Түрлі сабақтан тыс іс-шараларға қатысу мүмкіндігі арқылы оқушыларымыз жаңа іспен айналысып, жеке қызығушылықтарын дамытады. Сабақтан кейінгі үйірмелерді жүргізетін мамандар оқушыларымызды шығармашылық пен ізденіске баулиды.

Сабақтан тыс іс-шараларымыз үйірмелерді, спорттық пен академикалық жарыстарды, талант байқауларын, жазғы мектепті, т.б. қамтиды. Мектеп қауымдастығы арасында ынтымақтастыққа толы ортаны қалыптастыру мақсатында жоғарғы мектеп оқушыларын осы іс-шараларға белсене қатысуын ынталандырамыз.

Үйірмелеріміздің тізімі төмендегідей:

  1. Фотоклуб
  2. Домбыра
  3. Бокс
  4. Футбол
  5. English speaking club
  6. Би
  7. Тхэквондо

"Білім-Инновация"  қорымен серіктестік негізінде жоғары мектеп оқушыларымыз республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі академиялық, спорттық, шығармашылық, т.б. іс-шараларға қатысады.

Қайырымдылық шаралар да оқушыларымыздың әлеуметтік тұрғыдан жауапкершілікті ала білулері үшін маңызды орынға ие.

Сынып жетекшілер мен кураторларымыз сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыруда негізгі рөл алады. Осылайша олар оқушылардың жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуына көмек береді

Кәсіптік бағдар беру

Оқушыларымыз алдарында қойылған оқу мақсаттарына жетулері үшін, сондай-ақ әлеуметтік және өмірге қажетті басқа да қабілеттерін дамытулары үшін үнемі ынталандыру жұмыстары жүргізіледі. Оқушыларымыздың өз мүмкіндіктерін толық пайдалануға бағыттау – мектебіміздегі барлық мұғалімдеріміздің жұмысы.

Оқушыларымыздың өзінің жеке қабілеттерін тануы үшін түрлі педагогикалық-психологиялық тесттер өтеді. Жеке кеңес беру жұмысы оқушыға арнайы жекеленген оқу, өз басына қатысты мәселені талқылау кезінде жүргізіледі.

Кіші топтардағы кеңес беру жұмысы оқушылардың қажеттіліктеріне сай алдағы кәсіп таңдау мәселесіне байланысты өткізіледі.

Сыныпішілік жұмыс оқушылардың тұлға типтері, ЖОО-ға қабылдау шарттары, қонақ-лектор, т.б. тақырыптары төңірегінде өтеді.

Оқушылардың кәсіптік бағдар жоспарын жасау мақсатында оқушы жайлы мәлімет жинауды, қабілеттерін анықтауды, т.б. жұмысты жасағанда оқушының ұстаздары, ата-анасы, кей кездері сырттан жұмылдыратын мамандар бірігіп жасайды.


Өзін-өзі басқару кеңесі

Мектебімізде оқушылар көшбасшылығы оқу үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады. Біз әр оқушының ресми не бейресми түрде көшбасшылық етуге әлеуеті бар екеніне сенеміз. Мұндағы мақсатымыз – оқушыларға этикалық және тиімді көшбасшылық етуді ұғындыру, сондай-ақ, келешекте өзіне сенімді көшбасшы болуға қажет қабілеттерін бағалап, оны ары қарай дамыту.

Кеңестің мақсаты мектеп қауымдастығының ортақ игілігі үшін мектеп әкімшілігі, ұжымы мен ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау болып табылады.

Оқушылар кеңесінің қызметі:

  • Мектеп оқушыларының көзқарасын мектеп әкімшілігіне білдіру;
  • Мектеп ішінде тығыз қарым-қатынас орнатуды ынталандыру;
  • Оқушылардың үлгерімі мен дамуына үлес қосу;
  • Жаңа оқушылардың мектепке бейімделуіне жәрдемдесу;
  • Мектеп ережелерін жасауға көмектесу;
  • Мектептің спорттық-мәдени іс-шараларын ұйымдастыруға атсалысу;
  • Қайырымдылық мақсатты іс-шаралар ұйымдастыру;
  • Басқа мектептердегі өзін-өзі басқару кеңестерімен әріптестік орнату.


Үйірмелер

Мектепте оқушыларымыздың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамыту үшін түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Бұл интеллектуалдық, робототехника, домбыра, шахмат, би, музыка, бейнелеу өнері, каратэ, қолөнер және «Ағылшын тілінде сөйлеу». Үйірмелерді білікті нұсқаушы-жаттықтырушылар жүргізеді.

ЦЕННОСТЬ 1

Би

ЦЕННОСТЬ 2

Вокал

ЦЕННОСТЬ 3

Шахмат

ЦЕННОСТЬ 4

Sand art

ЦЕННОСТЬ 5

Футбол

ЦЕННОСТЬ 6

Түрік тілі

ЦЕННОСТЬ 7

Speaking club

ЦЕННОСТЬ 8

Бокс

ЦЕННОСТЬ 9

Робототехника

ЦЕННОСТЬ 10

Тхэквондо

ЦЕННОСТЬ 11

Кәріс тілі

ЦЕННОСТЬ 12

Фото клубы

ЦЕННОСТЬ 13

Дебат