Оқу бағдарламасы
«СҮЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛ атындағы» мектеп-лицейі оқу бағдарламасына сәйкес ішінара екі мектепке бөлінеді:
- Бастауыш (1-6 сыныптар)
- Лицей (7-11 сыныптар)
Бастауыш бөлімде 1-6 сыныптарда оқыту қазақ тілінде. 7-11 сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі. Оқу үрдісінде орыс тілі, орыс әдебиеті және түрік тілі пәндері қамтылған. Математика пәнін тереңдетіп оқыту мақсатында вариативті компонент есебінен «Белсенді математика», «Қызықты математика», «Параметрлік есептер» қосымша беріледі. Математика 5-7 сыныптар арасында топтарға бөлініп оқытылады.
Бастауыш сыныптарда ұлттық Домбырамыз міндетті пән ретінде оқытылады. Сыни тұрғыдан ойлауды, дұрыс шешім қабылдауды, сенімділікті үйрететін Интеллектум, Шахмат пәндері оқу бағдарламасына енгізілген. Тілдік құзыреттілікті арттыру мақсатында бастауыш сынып оқушылары үшін қазақ тілінен қосымша курстар ұйымдастырылады.
4-6 сыныптарда ағылшын тілін тереңірек меңгеру үшін топтармен оқытылып, жыл соңында Кембридж халықаралық емтихандарын (KET, PET, FCE) тапсырады. 10 сынып оқушылары IELTS емтиханын тапсырып сертификат иеленеді.